Текст
24.09.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА АУЛА, ТАЗА МЕКТЕП!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында 11 «А» сынып оқушылары «Таза бейсенбі» акциясына белсене қатысты.
Оқушылар мектеп ауласын қоқыстан тазалап, айналаны ретке келтірді. Тазалық жұмыстарына белсенді атсалыса отырып, оқушылар қоршаған ортаны қорғаудың және туған жерді таза ұстаудың маңыздылығын көрсетті.
Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі!