«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Психологиялық-әлуметтік қолдау» апталығы

«Психологиялық-әлуметтік қолдау» апталығы

 

Сен әлемді жаулап алма, өйткені онда сансыз қайғы-қасірет бар, сен одан да адамның жан дүниесін меңгер, оларда қанша әлем бар екенін көресің.

                                                                                                 Мұхаммед Хайдар Дулати

 

        Қараөзек ауылының жалпыға орта білім беретін мектебінде 2022 жылы қазан  айының  03-07 аралығында «Психологиялық-әлуметтік қолдау» апталығы болды. Жалпы барлық іс-шаралар қазақ, орыс тілінде жүргізілді.

3 қазанда апталықтың ашылу салтанаты  ойдағыдай өтті. Онда ұстаздар мен оқушыларға апталықтың мақсаты мен жоспары айтылды. Оқушылармен «Көтеріңкі көңіл-күй»  атты флешмоб жүргізілді. Бастауыш сынып арасында «Психология балалар көзімен» атты сурет сайысы жүргізілді. Оқушылыр белсене қатысып, шығармашылықтарын шыңдады.

   

   8-10 сыныптар арасында “Менің түсінігімдегі психология” атты арт-терапия шығармашылық сайыс оқушылырдың эмоциясын шығарып, әрбір оқушы белсене қызығушылықпен қатысты.

         5-7 сыныптар арасында  «Ізшілер» ойыны оқушылар арасында сайыс түрінде  қызықты өтті.

 

         Мұғалімдер арасында “Жақсы көңіл-күй жан азығы” атты тренинг өтті. Тренинг мақсаты ұстаздар арасында ауызбіршілікті, ынтымақтастықты арттыру. Эмоционалды жағдайын жақсарту, шығармашылық қабілеттерді дамыту.

 

     «Психологиялық-әлуметтік қолдау» апталығының жабылу салтанатында белсене қатысқан оқушылар мен сыныптарға марапаттаулар табысталды. Жалпы апталық өте қызықты да, шығармашылыққа толы болды. Осы апталықты ұйымдастырып өткізген  педагог-психолог Ерболат Ш. және дефектолог А.Абдильдинаға мектеп ұжымы   алғыстарын білдірді.

 

 

 

 

                                                                       Педагог-психолог: Ерболат Ш.

                       

 

Жаңартылған күні: 31.10.2022 21:00
Құрылған күні: 31.10.2022 21:00

Текст