09.09.2026

🚨 Назар аударыңыз: жолда жануарлар пайда болуы мүмкін!
Жыл басынан бері Ақмола облысында жануарлардың қатысуымен 39 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Мұндай жағдайлардың негізгі себептерінің бірі – жүргізушілердің абайсыздығы және ауыл шаруашылығы жануарларына тиісті бақылаудың болмауы.
🚗 Жүргізушілерге:
• жылдамдық режимін сақтау, әсіресе елді мекендер мен мал жайылатын жерлерге жақын жол учаскелерінде абай болу;
• қараңғы уақытта барынша мұқият болу;
• жануарлардың жолға кенеттен шығып кетуі мүмкін екенін ескеру;
• жануарлар болуы мүмкін учаскелерге жақындағанда жылдамдықты төмендету ұсынылады.
🐎 Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне:
• малдың автожолдарға бақылаусыз шығуына жол бермеу;
• оларды күтіп-бағу және жаю кезінде тиісті бақылауды қамтамасыз ету;
• мал айдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет.
⚠️ Есте сақтаңыз: жүргізушінің мұқияттығы мен мал иесінің жауапкершілігі жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірін сақтауға көмектеседі.
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА