Текст
25.06.2026

Мақал-мәтелдер – халқымыздың асыл қазынасы, даналыққа толы рухани мұрасы. Олар адамды еңбекқорлыққа, білімге, достыққа, адалдыққа тәрбиелейді. Әрбір мақалдың астарында өмірлік тәжірибе мен терең мағына жатыр. Бүгінгі іс-шарада балалар мақал-мәтелдердің мәнін түсініп, өз ойларын ортаға салып, ұлттық құндылықтарды дәріптейді. «Мақал – сөздің мәйегі» атты танымдық шара оқушылардың тіл байлығын дамытып, халқымыздың даналығын құрметтеуге баулиды.