Текст
17.06.2026

Мектеп жанындағы лагерьде оқушылардың зейінін, ойлау қабілетін және есте сақтау дағдыларын дамыту мақсатында «Зейін еліне саяхат» атты танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар әртүрлі қызықты тапсырмалар, ойындар мен жаттығулар орындап, зейіндерін шоғырландыруға, жылдам ойлауға және бірлесіп жұмыс жасауға үйренді. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті. Іс-шара балаларға жағымды көңіл-күй сыйлап, танымдық қызығушылықтарын арттырды.