Текст

Жазғы лагерьде қазақ тілі пәнінен «Танысайық» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды қазақ тілінде өздерін таныстыра білуге, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге үйрету. Сабақ барысында оқушылар аты-жөнін, жасын, сыныбын және қызығушылықтарын айтып таныстырды. Жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылып, түрлі ойындар мен тапсырмалар орындалды. Оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытты. Сабақ қызықты әрі белсенді өтті, оқушылар қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға ынта танытты.