Текст
08.05.2026

30.04 күні өткен 1-7 сынып оқушылары арасында өткен зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың «Зерде» республикалық конкурсының аудандық кезеңінде мектебіміздің намысын қорғаған оқушылар өзекті тақырыптар мен тың идеяларымен қазылар алқасын таңғалдырды. Нәтижесінде келесі оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды:
3-сынып оқушысы Пропустин Алексей – 1 орын,
2-сынып оқушысы Жәнібекқызы Балғын – 2 орын,
6-сынып оқушысы Фаткулов Иван – 2 орын.
Жас зерттеушілеріміз тек теориялық біліммен шектелмей, тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, өз болжамдарын дәлелдей білді. Оқушылардың жұмысына жетекшілік еткен ұстаздардың еңбегі де орасан зор! Құттықтаймыз!