«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учереждение "Общеобразовательная школа Караозек отдела образования по Буландинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру!

04.05.2026

Бұланды ауданы "Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының соңғы қоңырауы мен қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты, оның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді хабарлайды:
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
✅ Мұғалімдерге сыйлық беру, ақша жинау (педагогикалық әдеп пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында);
✅ Аниматорлар, студиялар және түрлі агенттіктерді шақыру;
✅ Мектептің жөндеу жұмыстарына немесе шаруашылық қажеттіліктерге ақша жинау;
✅ Оқушылардың қауіпсіздігі үшін автокөлік шерулерін ұйымдастыру;
✅ Ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, демханаларға және басқа да орындарға бару;
✅ Мектеп ішінде немесе мектептен тыс ата-аналар тарапынан дастархан ұйымдастыру және қаражат жинау.
МІНДЕТТІ:
✅ Қорытынды аттестаттау кезінде мектеп формасын сақтау;
✅ Тәртіпті және жауапкершілікті болу.
🔻 ЕСКЕРТУ: Бұл талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына бірдей қатысты. Аталған шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдеп пен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
📗 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтау сұралады.ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтауларыңызды және балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Біздің басты мақсатымыз — оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру.
Құрметпен, Қараөзек  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Даирова Калимаш Егинбайқызы

Просмотров: 238


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст