Текст

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаев шығармашылығына арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды жазушының өмірі мен еңбектерімен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.Оқушылар жазушының өмірбаяны туралы мәліметтер айтып, оның белгілі шығармаларынан үзінділер оқыды."Менің атым Қожа" повесіне ерекше көңіл бөлініп, кейіпкерлерге талдау жасалды.Көріністер қойылып, викториналық тапсырмалар ұйымдастырылды.