Текст
10.04.2026

Мектебімізде Жас мамандар апталығының аясында 7–10 сынып оқушылары арасында «Құпия квест» интеллектуалды-танымдық ойыны өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық пен шапшаңдыққа баулу, сондай-ақ топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.