Текст
02.04.2026

Ауыл мектептері оқушыларының қабілетін айқындауға және дарынды балаларды қолдауға бағытталған «Ел үміті» бастамасы аясындағы «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының бірініші кезеңі өтті.
Біздің мектептің намысын қорғаған 6-сынып оқушылары логикалық ойлау, математикалық сауаттылық және тілдік құзыреттілік бағыттары бойынша күрделі тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сарапқа салды. Олимпиада барысында оқушылар функционалдық сауаттылықтарын көрсетіп, зияткерлік деңгейлерін байқатты.
Қатысушыларымызға сәттілік тілеп, келесі кезеңге өтеді деген сенімдеміз!