Текст
01.04.2026

Білім беру ұйымында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында 9–11 сынып оқушыларына арналған тәрбие іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында «Не книжная закладка» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілді.
Фильмдерден кейін оқушылармен құқық бұзушылықтың себептері, оның құқықтық және әлеуметтік салдары, заңды сақтаудың маңыздылығы туралы талқылау жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылар күмәнді ұсыныстардан бас тарту дағдылары жөнінде пікір алмасты.