Текст
26.02.2026

Мектебімізде өткен Математика, Информатика және Физика (МИФ) әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өз мәресіне жетті. Он күн бойы оқушыларымыз логикалық ойлау, бағдарламалау және табиғат заңдылықтарын тануда бақ сынасты.
Онкүндік аясында «Білгірлер сайысы», «Финансовый марафон», «Математикалық ринг» интеллектуалды ойындары; «Реактивті серпін: Кім жылдам?» жарыстары мен
«Тәжірибелер алаңы» физикалық тәжірибелер көрмесі өтті.
Бүгін жабылу салтанатында ең жүйріктер мен білімділер анықталып, марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!