17.02.2026

17.02 күні мектебімізде дәстүрлі түрде өтіп жатқан математика, информатика және физика (МИФ) онкүндігі аясында 9 «А» сыныбында физика пәнінен ерекше ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы:«Математикалық маятниктің көмегімен дененің еркін түсу үдеуін анықтау». Зертханалық жұмыстың негізгі мақсаты — оқушыларға теориялық білімді практикамен ұштастыруға мүмкіндік беру. Сабақ барысында оқушылар математикалық маятниктің тербеліс периодын өлшеу арқылы жердің тарту күшін сипаттайтын маңызды физикалық тұрақты — еркін түсу үдеуін есептеуді үйренді. Ашық сабақ барысында оқушылар топтық жұмыс жасап, зерттеушілік қабілеттерін шыңдады. Пән мұғалімі заманауи оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Тәжірибе нәтижесінде алынған көрсеткіштер стандартты 9,8 м/с^2 мәніне жақын шығып, оқушылардың жұмысты жоғары деңгейде орындағанын дәлелдеді. Пән мұғалімі: Есимова Т.К.