 
                                
             01.10.2025
                01.10.2025
        
Құрметті ардагер ұстаздар Сагиева Нурлагаин Жумабаевна, Гелисханова Наталья Султановна, Идрисова Кенжетай Тлеугабыловна, Рахимова Меруерт Ибрагимовна!
Сіздерді қос мерекемен – Ұстаздар күнімен және Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Зейнет жасына жетсеңіздер де, жас ұрпақ тәрбиелеу ісінен қол үзбей, шәкірт жүрегіне білім мен тәрбие дәнін сеуіп келе жатқандарыңыз – Сіздердің өмірлік ұстанымдарыңыздың беріктігін, мамандыққа деген адалдықтарыңызды айқын көрсетеді.
Қарттар күні – Сіздердің ғұмыр жолдарыңызға тағзым етіп, ұрпаққа қалдырған өнегелеріңізге алғыс айту күні. Ал ұстаздар күні – жас ұрпаққа сапалы білім берудегі еңбектеріңізді дәріптейтін күн. Бұл екі мерекенің тоғысуы Сіздердің мәртебелеріңізді одан әрі асқақтата түседі.
Сіздерге зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілейміз. Жүректеріңіз қуанышқа толып, шәкірттеріңіздің жетістігі Сіздерге әрдайым шаттық сыйлай берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!