Текст
     
                                
             25.09.2025
                25.09.2025
        
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде бастауыш сыныптар арасында дәстүрлі «Күзгі старт» сайысы өтті.
Бұл жарыстың мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту.
Сайысқа 2-4 сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің ептілігін, жылдамдығын және ұйымшылдығын көрсетті. Әрбір сынып командалары түрлі спорттық эстафеталарда бақ сынасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталды.