Текст
18.03.2025 ж. "Абай оқулары" мен "Махамбет оқулары" байқауларының аудандық кезеңі өтті. "Абай оқуларының" "Көңілім әнді ұғады" номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Елешұлы Нұрғиса 1-орынды жеңіп алды. "Махамбет оқуларының" "Тартынбай сөйлер асылмын..." бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Ахметжанова Аяулым 1-орынды, "Ұлы арман" номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Еркебұланқызы Алуа 2-орынды иеленді. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар марапатталды. Жүлделі орын алған оқушыларға облыстық кезеңде сәттілік, ақ жол тілейміз!