Текст
Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында “Ұшқыр ой алаңы ” жобасы аясында мектебімізде 7-8 сыныптар арасында “Кітап оқу пайдалы ма, интернет пайдалы ма?” тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Дебаттың мақсаты: Кітап оқу мен интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру арқылы ақпараттың екі түрлі көзіне сыни тұрғыдан қарау;
Сөйлеу дағдыларын дамыту: Қатысушылардың логикалық ойлауын, сенімді сөйлеу қабілетін және пікірін дәлелді түрде жеткізуін жетілдіру.
Дебат өте тартысты өтті, тараптар өз пікірлерін нақты аргументтермен дәлелдей отырып,қарсы топқа тиімді сұрақ қоя білді.